Главный » Казахские » Сатиев Аманкелді - Ғашықпын саған

Сатиев Аманкелді - Ғашықпын саған

Скачать эту Сатиев Аманкелді - Ғашықпын саған песню в высоком формате. Краткая информация о песне (128 кб / с, 3,43 MB)
Сатиев Аманкелді - Ғашықпын саған
Прослушать онлайн песню
Скачать песню
  • Слушали: 16
  • Размер: 3,43 MB
  • Длительность: 3:43
  • Качество: 128 kbps
  • Дата релиза: 12.02.2021
Текст песни: Сатиев Аманкелді - Ғашықпын саған
Жұмақтың бақшасында жайғасқандай,
Бұл-бұл құс әуеніне ән қосқандай.
Мен самұрық биік шыңды тұғыр еткен,
Сен аққусың айдың көлге сән қосқандай.

Шашың сенің қоп-қою ну ормандай,
Қос жанарың күндей боп нұрланғандай.
Қиылған қас, алма мойын, шие ерін,
Жүрегімді жаулап менің бір алғандай.

Ғашық болдым жаным саған сенсің бе?
Бақытты сәт,сол бір кездер әлі есімде.
Алуан гүлдің ішінен таңдап алдым,
Сүйіктім ау сен осыған сенесің бе?

Менің жаным қыр гүліндей нұр жайнаған,
Қыз Жібектей жасап алғам қыйалымнан.
Қылығың мен сүйіктім баурап алсаң,
Мен болайын Төлеген қыяалмаған.

Жапырақтан тамған бір тамшыдайын,
Жазылмасын біздің жұп жазатайым.
Өмірде біздер мәңгі бір болайық,
Айдында қатар жүзген аққудайын.